Қазақстан Республикасының

елордасы – Астана қаласының
20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ел жүрегі – Астана»

План мероприятий

по подготовке и проведению 20-летия столицы Республики Казахстан – города Астаны «Ел жүрегі – Астана»

Жюльет Бинош қазақ ақынының поэзиясын оқыды 29.06.2018 10:00120

«Оскар» сыйлығының лауреаты және Канн фестивалінің «Алтын пальма» иегері Жюльет Бинош Астанаға келді.

«Театр мен кино саласының танымал француз актрисасы біздің астанамызды 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, фестиваль аясында «Des mots pour le dire» - «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты моноспектаклімен сахнаға шықты. Жюльет Бинош қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың «Сарыарқа» атты әйгілі өлеңін оқып көрермендерді өз өнерімен таңқалдырды. Бұл француз актрисасы мен қазақ ақынының шығармашылығын ұнататындар үшін үлкен тосынсый болды», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында.

Сондай-ақ, министр атап өткендей, актриса француз әншісі Барбара өмірбаянынан фрагменттерді орындап, әйгілі актрисаны бірінші әлемдік фортепиано мен камералық музыка сыйлығының лауреаты Винсент Летерм фортепианомен сүйемелдеді. 

«Жюльет Биноштың пікірінше, ол біздің еліміз туралы жағымды әсерде, ол біздің елімізге және Астананың батыл, серпінді сәулетіне таң қалды. Актриса мейірімді және қонақжай Қазақстан халқына өте риза болды, ол ұзақ сапармен тағы да біздің елге келуге ниет білдірді. Бұдан басқа, Жюльет Бинош біздің отандасымыз Самал Еслямованың үлкен жетістіктерімен, Канн фестивалінде жеңіске жетуімен және тәуелсіз Қазақстанның астанасын мерейтойымен шын жүректен құттықтады», - деді А. Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліне Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтау үшін Италия, Ұлыбритания, Литва, Польша, Германиядан танымал әлемдік театрлар келді, әртүрлі елдердің 17 театры 18 атақты қойылымды ұсынды. 

«Фестивальдің салтанатты жабылуы Бейбітшілік және Келісім сарайында өтті. Біз қоштаспаймыз, бір жылдан соң осы алаңда қайта кездесеміз. Ендігісі жаңа үшінші Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінде кездескенше», - деп аяқтады министр. 

Толығырақ: www.madeniportal.kz

Смотреть все новости

Поделиться:

Обязательно прочитайте следующие новости: